Қазақстанда халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі құрылады. Бұған қатысты тиісті заң жобасы бүгін Парламент Мәжілісінің қабырғасында таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, транзиттік тасымалды қадағалау бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау мақсатында әзірленді. Заң жобасы арқылы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске, сонымен бірге Көлік құралдары туралы заңға өзгерістер енгізуді көздеп, халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі, навигациялық пломбалар секілді түсінікті енгізуді қарастырады», - деді заң жобасын таныстырған депутат Павел Казанцев.

Сонымен қатар заң жобасы ҚР Үкіметіне халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша құзыреттілік беруді, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану бөлігінде тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды белгілеуді, электрондық сәйкестендіргіштерді қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, заң жобасында электрондық сәйкестендіргіштерді пайдалану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бекітуі ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар