Қазақстанда халық санағының екінші кезеңі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қазаннан бастап Қазақстанда халық санағының екінші кезеңі басталады. Онлайн форматта сауалнамадан өздігінен өтпегендерге сұхбат алушылар келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтына сілтеме жасап.

Үйлерді аралау 30 қазанға дейін жалғасады. Оған 22 мыңнан астам адам тартылған. Сұхбат алушылардың міндеттеріне елдің қалалары мен ауылдарындағы үй шаруаларына жаппай сауалнама жүргізу кіретін болады. Сондай-ақ, 15 қазанға дейін онлайнсанақ үшін барлық сервистер қолжетімді болмақ.

Санақ туралы, оның ішінде сұхбат алушы киімінің ерекше элементтері туралы толық ақпаратты Sanaq.gov.kz ресми сайтынан, сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша алуға болады.

Санақ нәтижелері үй шаруаларының жағдайын, неке-отбасы қатынастарын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін қажет.

Бұған дейін Қазақстанда 6 миллионнан астам адам онлайн санақтан өткені туралы хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар