Қазақстанда GGG-дің жолын қуатын кім бар - Головкиннің промоутерінің пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – GGG/360 Promotions компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер Геннадий Головкиннің өз промоушенін дамыту бойынша жоспарлары туралы айтты және тағы бір Қазақстан өкілі Али Ахмедовтің болашағы туралы пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

Ахмедов GGG Promotions клиенті және Головкинмен бір командада жаттығады.

«Геннадий GGG Promotions-ке басқа да боксшыларды алғысы келеді. Онда GGG Promotions-ке жазылған Али Ахмедов бар. Али – үлкен дарын иесі. Ол Джонатон Бэнкспен және Геннадиймен жаттығып жүр. Егер Головкин GGG Promotions-ке жаңа боксшыларды алғысы келсе, үлкен табысқа қол жеткізеді. Себебі, боксшылар Геннадийдің жетістігін құрметтейді.

Әли әлем чемпионы атағына көп уақыт өтпей-ақ қол жеткізеді деп ойлаймын. Оның қарқыны жақсы және Джонатонның қоластында біраз дүние үйренді. Оған жаңа қарсыластар керек», - деді Леффлер Under the Hand Wraps-ке берген сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар