Қазақстанда геологиялық барлауға инвестициялардың көлемі 100 млрд теңгені құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер қойнауын пайдалануға арналған 269 келісімшарт жасалды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні жер қойнауын пайдалануға арналған 269 келісімшарт, оның ішінде көмірсутектер бойынша 247 келісімшарт, уран бойынша 22 келісімшарт жасалды. 2020 жылы 11 келісімшарт бекітілді.

Геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялардың көлемі 100 млрд теңгені құрады», - деді министр.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы 10,2 млрд теңгені құрады.

«2020 жылы желтоқсанда алғаш рет электрондық форматта жер қойнауын пайдалануға құқық алу үшін аукциондық сауда-саттық өткенін атап өтеміз. Министрлік барлық қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдады және жүйені іске қосу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізді. Жүйе 2020 жылғы 1 қыркүйекте іске қосылды және өткен жылдың 23 желтоқсанында сомасы 61 млрд теңгеге барлау және өндіру құқығын беру бойынша алғашқы онлайн аукцион өткізілді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар