USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстанда газбен жүретін көліктер саны 310 мыңға жетті

2021 жылғы 30 қараша 10:16
Бөлісіңіз:
Қазақстанда газбен жүретін көліктер саны 310 мыңға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 10 айында елімізде 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сұйытылған газды электронды алаңда сату бір жылға шегерілді Энергетика министрі жанармай түрлерінің шекті бағасын атады Мемлекет басшысы жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді

«Осы жылғы қаңтар-қазан айларында 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. Бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңінің 100,3 пайызын құрайды. Биыл сұйытылған мұнай газын өндіру 3,2 млн тонна немесе 2020 жылғы көрсеткіштің 100 пайыз деңгейінде күтілуде», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының 60 пайыздан астамын автокөліктер тұтынады.

«2019 жылдан бастап сұйытылған газға ауыстырылған автокөлік саны 2 есе өсіп, 310 мың бірлікке жетті», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT