Қазақстанда фрилансерлерге арналған акселератор іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Astana Hub және Қарағанды «Террикон алқабы» IT-хабымен бірлесіп, 2 қарашадан бастап IT компаниялар мен фрилансерлер үшін акселерациялық бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, акселератор халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырған IT компания мен фрилансерлер үшін 6 және 4 апталық тегін оқу курсын қамтиды.

«Осы жоба біздің мамандарға сыртқы нарықтарда, шетелде сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін білім мен құзыреттілік қорын қалыптастыруға бағытталған. Арнайы комиссия портфолио бойынша 30 қатысушыны таңдайды. Оны жоба сайтында сауалнама деректерін толтыру арқылы ұсыну қажет», - деп түсіндірді ведомствоның IT дамыту департаментінің директоры Дархан Ахмедиев.

Оқыту бағдарламасы дәрістерден, воркшоптардан, менторлармен және сарапшылармен бірұатар тақырып бойынша жұмыстан тұрады.

Бағдарлама қатысушылары - бағдарламалық қамтылым, сайт, мобильді қосымшаны тапсырыс беруге әзірлеу; UX/UI бойынша қызмет көрсету; дизайн немесе брендинг жасау; digital маркетинг бойынша қызметтер ұсынатын IT компаниялар мен фрилансерлер.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді 31 қазанға дейін жіберуге болады. Оқыту онлайн арқылы жүргізіледі.

IT компаниялары үшін оқудың басталуы 2 қарашадан, ал фрилансерлер үшін 9 қарашадан басталады.

Мына сілтемеде тіркелуге және бағдарламамен танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар