Қазақстанда ЭЫДҰ бастамаларын жүзеге асыру үшін жаңа платформа құру жоспарланып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жаһандық байланыстар хатшылығының делегациясымен кездесті.

Кездесуде мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жаһандық байланыстар хатшылығының басшысы Вильям Томпсон халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы Хабтың жетістіктерін атай келе, Хабтың және өзге де халықаралық ұйымдардың қатысуымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамаларын жүзеге асыру үшін жаңа платформа құруды ұсынды.

Әлихан Байменов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің маңыздылығы мен тәжірибесін атай келе, ұйымның Хабқа мүше елдердегі мемлекеттік қызметті жетілдіруге қосқан үлесін атап өтті. Соның ішінде бірлесіп өткізген семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер бар.

Хабты Қазақстан бастамасымен БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесе отырып, 25 мүше ел және 5 халықаралық ұйым құрды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Хабты құрушылардың бірі. Қазіргі таңда Хабқа34 ел мүше, ұйым географиясының Солтүстік Америка мен Еуропа, ТМД елдері, Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттерінен ASEAN елдеріне дейін кеңеюі мемлекеттік қызметті жетілдірудегі әріптестік әмбебап қажеттілік екенін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар