Қазақстанда эпидемияға қарсы күреске 23 млрд теңге бөлінген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясымен күрес аясында жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шараларға 23 468,5 млн теңге бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемияға қарсы іс-шараларға 23 468,5 млн теңге бөлінді. Оның ішінде жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 20 624,9 млн теңге, жылу түсіргіштер, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған сынақ жүйелерін сатып алуға - 2 712,5 млн теңге және Қытайдағы қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін - 131,1 млн теңге бөлінді», - дейді ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, аталған қаражат аясында аймақтарға жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға мақсатты трансферттер 11 563,9 млн теңгені құраған.

«Оның ішінде 30%-ға жуығы, яғни 1 412,4 млн теңге - Нұр-Сұлтан қаласына, 1 419,9 млн теңге - Алматыға, 605 млн теңге - Шымкентке бағытталды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар