Қазақстанда энергия беруші ұйымдардың саны 149-дан 39-ға қысқартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда энергия беруші ұйымдардың саны 39 субъектіге қысқартылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 51-қадамын орындау аясында Үкімет энергия беруші ұйымдарды ірілендіру бойынша шаралар әзірледі. Энергия беруші ұйымдарға қойылатын талаптардың нәтижесінде олардың саны 2023 жылға қарай 149-дан 39 субъектіге дейін қысқаратындығы күтіледі», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы франкциясының депутаттары атынан жолданған сауалда тұтынушылар үшін электр энергиясына арналған тарифтерді төмендету мақсатында энергия беруші ұйымдарды ірілендіру бойынша нақты шаралар әзірлеу ұсынылған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 51-қадамында өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыратындығы, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендететіндігі, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтатындығы айтылған.


Соңғы жаңалықтар