Қазақстанда елді мекендерге тақау қоймалардан 20 мың тоннадан астам оқ-дәрі шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда елді мекендерге тақау қоймалардан 20 мың тоннадан астам оқ-дәрі шығарылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Арыстан шамамен 20 мың тоннаға жуық оқ-дәрі шығарылды. Ал өзге елді мекендерде орналасқан қоймалардан 750 тоннадан астам ірі калибрлі оқ-дәрілер шығарылған болатын. Бұл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Оның атап өтуінше, Арыста төтенше оқиға орын алғаннан кейін Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық өңірлеріндегі қоймаларға 1 ай бойы тексеру жүргізілді. Мұндай тексерулер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Тексеру комиссиясының құрамына мол тәжірибесі бар беделді әскери мамандар кіреді.

Аталған комиссия төтенше жағдайлар туындау тәуекеліне жан-жақты баға беріп, атыс қару-жарақтары мен оқ-дәрілер сақталатын барлық нысандардың қаупісіздігін күшейту бойынша шаралар ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.



Соңғы жаңалықтар