Қазақстанда E-Salyq Business жаңа мобильді қосымшасы әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті E-Salyq Business жаңа мобильді қосымшасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, мобильді қосымша Қазақстандағы кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін даярланды.

«Бұл тұрғыда жеке кәсіпкерді тіркеуден бастап, арнайы салық режимдерін таңдау, есеп-қисап пен кірістерді жүргізу тәрбіне қатысты барлық жұмысты жеңілдету мақсат етіп қойылды. Өздеріңіз білесіздер, бұл рәсімдер шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айтырлықтай қиындық туғызады. Аталған қосымшада барша қызмет қарастырылған. Сонымен қатар, қосымша касса аппаратының фунционалымен жетілдірілді. Касса түбіртектері базасында кәсіпкердің кірісі қалыптасады және осы табыстың базасында автоматты түрде салық декларациясы толтырылады», - деді Ж. Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, осы қосымшаны пайдаланатын кәсіпкерге мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімшелеріне барудың қажет жоқ. Барлық қызметтер автоматты түрде іске асырылады.

«Қосымша сервистер түрлі анықтамаларды беруді қарастырады. Кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер басқармасында алу тиіс қызметтердің барлығы осы қосымшада қамтылған. Салық органдары тарапынан қажет болғанда ескертпелер келіп түседі», - деді комитет өкілі.


Соңғы жаңалықтар