Қазақстанда дәрігер, жүргізуші, инженер, медбике секілді мамандар тапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың жұмыспен қамту орталығы «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталы арқылы бос жұмыс орындарын толықтыру, ізденушілерге жұмыс орнын қарастыру бойынша жұмыс берушілермен бірлесе қызмет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Электрондық еңбек биржасы жұмысқа орналастыру үдерісін жеңілдету үшін жұмыс істейді, онда ізденуші онлайн тіркеліп, өз түйіндемесін орналастыра алады.

Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні www.enbek.kz порталында 5 491 бос жұмыс орны бар, оның ішінде 443 бос жұмыс орны икемді кестелі.

Жұмыс берушілер арасында www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында дәрігер, жүргізуші, инженер, тәрбиеші, кассир, медбике секілді мамандықтар сұранысқа ие. Ал ізденушілер арасында күзетші, заңгер, үнемдеуші, есепші, іс-жүргізуші мамандықтары жиі қаралады.

Ж ұмыспен қамту орталығына жүгіну үшін жұмыс іздеуші тұлға ЭЦҚ арқылы тіркеуден өтуі қажет. Өтініш білдіргеннен кейін, азаматтың қолданыстағы бағдарламалар, жұмысқа орналастыру нұсқамалары немесе кәсіптік білім алу туралы тегін кеңес алуға мүмкіндігі бар.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша «Өркен» ІО орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар