+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірушілер арасында конкурс басталды

2020 жылғы 23 мамыр 20:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірушілер арасында конкурс басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық фармацевтикалық өндірушілермен 1659 атаулы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйым бойынша ұзақмерзімді келісімшарт жасасу үшін байқау басталды. Бұл туралы «СК-Фармация» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жыл қорытындысы: Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің бағасы реттелді

Енді 15 маусымға дейін фармацевтикалық өндірушілер байқау нәтижесінде өз өнімін елдің медициналық ұйымдарына жеткізуге он жылдық келісімшарт жасасуға өтінім бере алады. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, бүгінгі таңда отандық өндірушілерге көп көңіл бөлінеді.

«Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасының өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыру қажеттігі туралы бұйрық берді. Коронавирус пандемиясы бүкіл мемлекеттердің оқшаулануы жағдайында Қазақстанды жеке қорғаныс құралдарымен және барлық қажетті дәрі-дәрмекпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін өз ресурстарымыздың болуы қаншалықты маңызды екенін көрсетті», - дейді Людмила Бюрабекова.

«СК-Фармация» АҚ басқарма төрағасы Берік Шәріптің айтуынша, байқауға 1 659 атаулы зат жарияланды, оның ішінде 116 дәрі-дәрмек пен 1543 медициналық мақсаттағы бұйым бар.

«15 маусымда өтінімдер ашылады, содан кейін барлық өтінімдер жобаның орындылығы туралы салалық пікір алу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жіберіледі. Шынында, бәсекеге тек қолданыстағы өндіріс орындары ғана емес, сонымен қатар таяу екі жыл ішінде жүзеге асырылуы тиіс мұқият жобаланған бизнес-жобалар жіберіледі», - дейді Берік Шәріп.

Байқаудың қалай өтетіні онлайн режимде көрсетіледі. Жеңімпаздармен медициналық ұйымдарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде өз өнімдерін жеткізуге ұзақмерзімді келісімшарт жасалады. Байқау нәтижесі тамыз айында белгілі болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT