Қазақстанда «Цифрлық әлеуметтік әмиян» жобасы қалай жүзеге асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда «Цифрлық әлеуметтік әмиян» жобасы қалай жүзеге асырылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарларды тарату жүйесінің функционалдық мүмкіндігі - қазақстандықтардың цифрлық әлеуметтік әмияны болмақ. Оны енгізу де биылғы Жолдауда тапсырылған еді. «Цифрлық әмиянды» іске асырудың мақсаты - бір жағынан азаматтарға әлеуметтік көмекке бөлінген бюджеттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын, екінші жағынан, ол ресурстардың отандық өндірушілерге жасырын қолдау түрінде «қайтарылуын» қадағалау», - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша цифрлық әмиян әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алуға, бизнес іске асыратын жұмыс пен қызметке ақы төлеуге арналған.

«Мысалы Ұлттық тауар таратушы жүйесі механизмінің мәні – сатып алушыға өнімді жедел әрі тиімді түрде жеткізу. Мұнда сатып алушының пайдасы – тауардың делдалсыз жақсы сапада келуі. Ал әлеуметтік көмек алатын азаматтар қолма-қол ақшасыз арнайы жүйе арқылы осы отандық тауарларды тікелей фермерлерге жіберу арқылы ала алады. Осылайша мүдделері тоғысқан тауар өндіруші мен тұтынушыны бір-біріне үйрете отырып, біз Ұлттық тауар таратушы жүйесі арқылы тауар-ақша айналымының шеңберін түйіндейміз», - дейді Бақыт Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар