Қазақстанда болған өрт оқиғаларының басты себебі неде
«Еліміздегі өрт оқиғаларының негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі, ол 58% пайызды құрайды және 18% пайызы көліктермен байланысты. Жалпы елімізде осы күнге дейін болған өрттің негізгі салдарына келсек, 34% пайызы (2,5 мыңнан астам жайт) электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр. Сонымен қоса 29% пайызы (2 мыңнан астам жайт) от жағу кезінде адамдардың абайсыздығынан болады және 12% пайыз пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзумен байланысты», - деді Т. Мәдиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ТЖМ өкілі жоғарыда атап өткен өрт салдары бойынша мысалда келтірді.
«Биыл 16 қыркүйекте Қостанай қаласында жеке тұрғын үй аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде гараж жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылған. Салдары тиісті ереженің сақталмауы. Өкінішке қарай, күйік алған екі ересек адам ауруханада қайтыс болды. Бүгінде аталған оқиғаның мән-жайын Қостанай қалалық полиция департаменті қарап жатыр», - дейді ол.
Бұған дейін комитет басшысы Қазақстанда өрт оқиғалары 7,8 пайызға дейін азайғанын айтты.
https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-ort-okigalary-7-8-payyzga-azaydy-tzhm_a3839687