Қазақстанда бизнесті субсидиялайтын жаңа микронесиелеу бағыты іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Бизнестің жол картасы» шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша Ұлттық банк бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы» шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтілуде. Оның сөзінше несиелеу рәсімдері жеңілдетіледі. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасында бизнес үшін микрокредиттерді субсидиялауды қарастыратын жаңа «Микронесиелеу» бағыты іске қосылады.
«Осы шаралардың барлығы сыртқы сын-қатерлердің теріс салдарын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді. Осылайша, экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал ететін болады. Жалпы, кешенді жоспарды жүзеге асыруға бүгінгі күні
49 заңнамалық актіге түзетулер енгізу жоспарлануда. Бұл – 11 кодекс пен 38 заң», - дейді Руслан Дәленов.
- ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
- Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады
- Президенттің 7 саяси бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
- Асқар Мамин: Үкімет Парламентпен үйлесімді жұмыс істейді
-
Президент Премьер-Министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
-
Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам