+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Қазақстанда биылғы жылдың жартысында 6,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2021 жылғы 29 шілде 14:51
Бөлісіңіз:
Қазақстанда биылғы жылдың жартысында 6,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 6,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Бұл 56 мың баспана. 2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде ұлғайды.

Атырау (188,1%), Қостанай (120,9%), Жамбыл (114,9%), Шығыс Қазақстан (110,5%) және Қарағанды (110%) облыстары көш басында.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 17 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 163 мың баспана салу жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен - 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 48,3 мың пәтер салынады.

«Нұрлы жер» бағдарламасының мақсаты – баспананың қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.

Ол үшін келесі тетіктер қолданылады:

* ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау,

* құрылыс салушылардың қарыздарын субсидиялау,

* құрылыс учаскелеріне инженерлік-техникалық инфрақұрылым тарту, оның ішінде – жеке құрылысқа арналған аудандар да қамтылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT