Қазақстанда биыл 90 млн тонна мұнай өндіру жоспарлануда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда биыл 90 млн тонна мұнай өндіру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы отын-энергетикалық ресурстарды өңдеу көлемін барынша арттыруға басымдық беріледі», - деді Асқар Мамин бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, биыл 90 млн тонна мұнай мен 56,3 млрд куб газ өндіру жоспарланған.

«Жалпы, отын-энергетика саласындағы инвестициялық жобалардың құны 2 трлн теңгені құрайды», - деді ол.




Соңғы жаңалықтар