Қазақстанда биржалық тауарлардың тізімі ұзарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда биржалық тауарлардың тізімі ұзартылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Қазақстан халқына Жолдауында биржалық сауданы ретке келтіруді тапсырды. Алғашқы қадам ретінде біз биржалық тауарлар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, министр атап өткендей биржаға қатысушылардың санын арттыру мақсатында жеткізу партиясының ең төменгі мөлшері 600-ден 60 тоннаға дейін азайтылған.

«Яғни, біз шағын және орта тауар өндірушілерге өз өнімін биржа арқылы сатуға мүмкіндік беріп отырмыз. Тауар биржасындағы барлық жұмыс сауда-саттыққа қатысушылардың жергілікті және шетелдік деңгейде қатысуын барынша арттыруға бағытталады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге және тауарларға тиісті нарықтық бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар