Қазақстанда бір жылда 117 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 шілдеде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу функциясы Әділет министрлігінен «Азаматтарға арналған үкіметке» берілгеніне тура бір жыл толады. Осы уақыт ішінде Мемлекеттік корпорация 116 997 заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтарға арналған үкіметке 7 ұйымдық-құқықтық нысан берілген. Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу Әділет министрлігінің құзырында қалды.

Шағын бизнеске қатысты заңды тұлғаларды бастапқы тіркеу тіркеумен айналысатын органының қатысуынсыз электрондық форматта egov.kz электрондық үкімет порталында жүзеге асырылады. Сондықтан, статистикалық есепте тіркелген ЖШС саны жоқ.

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетілген - 33 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген. Екінші орында - Нұр-Сұлтан. Мұнда бір жыл ішінде 24 мыңнан астам тіркелді. Үшінші орында - Қарағанды облысы. Заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша 7 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Бұл қызмет Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ең аз сұранысқа ие.

Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа, мемлекеттік корпорация оларды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» бастамасымен «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң толықтырылды.

Атап айтқанда, жарғының телнұсқасын беру мерзімі үш жұмыс күнінен бір күнге дейін, бизнесті қоспағанда, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі он жұмыс күнінен беске дейін қысқартылды.

Сондай-ақ, басшының, қызметтің негізгі түрінің және басқалардың өзгеруі сияқты заңды тұлғалардың деректерін өзгертуді автоматтандыру мәселесі пысықталуда.


Соңғы жаңалықтар