Қазақстанда бір күнде 24 науқас коронавирустан көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 24 қазан күні Қазақстан аумағында 24 адам - коронавирустан, тағы 10 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Батыс Қазақстан облысында - 3 науқас.

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 2, Алматы қаласы мен Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің барлық аймағында дерлік қайғылы жағдайлар тіркелген. Тек Түркістан және Қостанай облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.


Соңғы жаңалықтар