+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қазақстанда білім беру объектілеріне кіруді бақылау күшейтілмек

2021 жылғы 12 мамыр 22:01
Бөлісіңіз:
Қазақстанда білім беру объектілеріне кіруді бақылау күшейтілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО жолдарында 18 бала зардап шекті Алматы құтқарушылары «жабайы» жағажайларда неге шомылуға болмайтынын айтты Ақмола облысында балық консервілері тексерілді

Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы № 175 мектеп-гимназиясында жақында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды.

Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің ағымдағы қауіпсіздік жай-күйі және оқушы жастардың радикалдануына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Білім беру жүйесі объектілерін кіруді бақылау мен дабыл белгісін берудің тиісті техникалық құралдарымен нығайту бойынша шешімдер әзірленді.

Жастар ортасында зорлық-зомбылық акцияларын насихаттау және оны дайындау белгілерін анықтау мәніне әлеуметтік желілер мен Интернетті мониторингтеу тиімділігін арттыру жолдары айқындалды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету шаралары жетілдірілді.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын.

Атыс кезінде 8 адам қаза тауып, тағы 21 адам зардап шеккені хабарлаған еді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT