Қазақстанда белсенді қызметіп жүрген ҮЕҰ қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазір Қазақстанда 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Іс-шара жыл сайын 27 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында өтті.

«Тәуелсіздік жылдарында қызмет еткен үкіметтік емес ұйымдардың қосқан үлесі өте жоғары. Атап айтқанда, осы жылдары елімізде бірқатар заңнама қабылданды. Қазіргі кезде үкіметтік емес ұйымдарды кәдімгідей үлкен күш ретінде көруге болады. Қоғамда да өзгерістер болды. Саяси партиялар, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар үлкен азаматтық қоғамның институттары екені белгілі», - деп тоқталды Бану Нұрғазиева Ақпарат және қоғамдық даму министрінің үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуінен кейін.

Оның айтуынша, әрбір үкіметтік емес қоғамға өздерінің пікірін жеткізуге қауқарлы болып отыр.

«Қазір Қазақстанда 22 мың үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 16 мыңы белсенді жұмыс істеп жатыр. Әр салаға ҮЕҰ-лар өз үлесін қосып келеді. Қазақстан Азаматтық альянсының үлкен әлеуеті бар. Әрбір өңірде ұйымдарымыз жасақталған. Біздің масатымыз – әр үкіметтік емес ұйым арқылы мемлекетке, Үкіметке халықтың пікірін, бастамаларын жеткізу», - деді Азаматтық альянс президенті.


Соңғы жаңалықтар