Қазақстанда байланыс қызметі нарығында бәсекелестіктің дамуына не кедергі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде байланыс қызметі саласында бәсекелестіктің дамуын не тежейді? Бұл сұраққа ҚР Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі Көлік және байланыс департаментінің директоры Нұргүл Жаманова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байланыс саласына жүргізілген талдау келесі мәселелерді көрсетіп отыр. Бірінше кезекте, әділ бәсекелестіктің жоқтығы. Екіншіден, байланыс қызметімен айналысуға қатысты лицензия алуда әкімшілік кедергі бар. Сол сияқты радиожелілік сектор бойынша шектеу бар және оған рұқсат беру ашық жүргізілмейді. Сонымен қатар коммуналдық-тұрмыстық секторға қолжетімділіктің шектеулі болуы да кедергі», - деді Нұргүл Жаманова.

Сондай-ақ, департамент басшысы елімізде байланыс саласына жаңа ойыншылардың кіруіне кедергінің барын айтты.

«Бұл әсіресе лицензия алу кезінде жаңа ойыншыларға кедергі көп. Осы орайда монополиямен күресушілер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне нормативтік-құқықтық актіге өзгеріс енгізуді сұрап отыр. Бүгінде министрлік жобаның жаңа нұсқасын дайындап, оны нормативтік-құқықтық актілер сайтына жария етті. Сол актінің негізінде нарықтағы жаңа қатысушылар да өз қызметін ұсына алады. Бұл әділ бәсекенінің ілгерілеуіне септігін тигізеді», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды.

Айта кетсек, бүгін елордада отандық телекоммуникация және цифрландыру саласының даму барысына арналған дөңгелек үстел өтті.



Соңғы жаңалықтар