Қазақстанда баспана бағасы бір жылда қалай өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті тұрғын үй нарығында бағалар қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы сәуірде оның алдыңғы аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату, абаттандырылған және абаттандырылмаған баспананы сату-сатып алу бағалары өзгеріссіз қалды. Абаттандырылған пәтерді жалға алу төлемі 0,8% жоғары болды.

Ал бір жылда тұрғын үй нарығында баға келесідей өзгерген:

Биылғы сәуір айында таза әрленген жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 297 170 теңгені (республика бойынша орташа баға) құрады. Бұл 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 6,3 пайызға қымбат.

Биылғы сәуірде абаттандырылған пәтердің бір шаршы метрінің құны 206 072 теңгеге бағаланды. Бір жылда баға 7 пайызға артқан.

Абаттандырылмаған, жер үйдің бір шаршы метрінің бағасы өткен сәуір айында 128 097 теңге болды. 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғары.

Көпқабатты үйде пәтерді жалға алу төлемі бір шаршы метрі үшін 1574 теңгені құрады. Баға бір жылда 8,8 пайызға өскен.


Соңғы жаңалықтар