Қазақстанда балаларға вакцина салына ма – Министр жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Балаларға вакцина салына ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«QazVac» бойынша балаларға клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақстан заңнамасына сәйкес, балаларға клиникалық сынақтар жүргізуге тыйым салынған. Қалған вакциналарға келсек, әзірлеушілердің вакцинаны балаларға қолдану туралы мәліметтерін күтеміз. Мүмкіндігінше ел ішінде балалар жасында қолдануды қарастырамыз және тиісті шешім қабылдаймыз», - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұған дейін Алексей Цой «Қазақстан депутаттары вакцина салдырды ма?» деген сұраққа жауап берген еді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның әрбір жетінші азаматы вакцина алды.



Соңғы жаңалықтар