Қазақстанда БАҚ туралы заңға өзгерістер 2023 жылы қабылдануы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізіліп, жаңа медиаға анықтама беріледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа технологиялардың дамуына байланысты БАҚ-ты заңнамалық дамыту мәселесін пысықтап жатырмыз. Атап айтар болсақ, заңға өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны журналистер қоғамдастығымен талқылаймыз және ол 2023 жылы қабылдануы мүмкін», - деді вице-министр «Astana Media Week – 2021» медиа апталығы аясындағы «Медианы дамыту стратегиясы» атты дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізілетін болады.

«Жаңа медиаға анықтама береміз. Бұл - интернеттегі барлық жаңа платформалар, дамушы ақпараттар. Оған іздеу жүйесін, ОТТ платформасы мен әлеуметтік желілерді жатқызамыз. Қазақстандағы жұмыс ережесін бекітеміз. Медиа-өлшем процедурасы заңнамалық тұрғыда енгізіледі. Біз үшін Қазақстанда медиа-өлшем жаңа технологияларды қолданумен болғаны және халықты 100 пайыз қамтығаны маңызды. Бұл барлық қазақстандықтың қандай медианы ұнататындығы түсінікті болуы үшін қажет», - деді Кемелбек Ойшыбаев.


Соңғы жаңалықтар