Қазақстанда азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізетін платформа іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасына мониторинг және талдау жүргізетін платформа іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Derekhub.kz платформасы ол түрлі көздерден баға туралы ақпарат жинауды қамтиды.

Сауда министрлігінің Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров түсіндіруінше, бірінші кезеңде барлық сауда объектілерін (үй жанындағы дүкендер мен сауда желілері) порталда өз сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы туралы ақпаратты өз бетінше орналастыруға шақырады.

«Әрбір сауда нүктесі өзінің жеке кабинетін алып, жүйеге өз бетінше тіркеледі. Және кейіннен тауарға ең төменгі бағаның және оның бар екендігін көрсете отырып, 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан нысанды толтырады», - дейді Ерлан Ешназаров.

Толтырылған дерек автоматты режимде талданады және бағаның өзгеру динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

«Мұндай платформаның идеясы пандемия кезінде қалыптасты. Биылғы жылы тауарлар мен дәрі-дәрмектердің күрт және айтарлықтай қымбаттауына байланысты көктемде бүкіл ел бойынша бірқатар тауардың шекті бағасы енгізілді, қазір кейбір аймақтарда шекті баға белгіленіп жатыр. Бірақ бағаның белгіленген шекте ұсталуын тексеру үшін әкімдіктер ішінара тексеру жүргізуі қажет. Мұндай жүйенің болуы бағаны қашықтан бақылауға мүмкіндік береді» - деді Ерлан Ешназаров.

Ведомствоның хабарлауынша, Derekhub.kz. платформасын Мемлекеттік кірістер комитетінің салық қызметінің ақпараттық жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу туралы барынша толық көріністі талдауға мүмкіндік береді.

Derekhub.kz платформасы сондай-ақ, жүйеде тіркелген және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны мен қорлары туралы ақпаратты толтыратын компаниялар үшін бірқатар қызметті ұсынады.

Осылайша, платформаға қатысушы компаниялар құқықтық мәселелер бойынша бизнесті қолдаудың тегін жедел желісіне, бұлтты фискалдық құралға және Dosmart адалдық картасына тегін жазылымға, Альфа Банктен кепілсіз несие өнімдеріне және төлем құралдарына қол жеткізе алады. Бұдан басқа, компаниялар сондай-ақ ӘМАТ-тың нарықтық бағалары бойынша тұрақты талдамалық есептерге қол жеткізе алады.

Соңғы жаңалықтар