+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Қазақстанда автомобиль жолдарының 97 пайызы тасқын суды өткізуге дайын

2020 жылғы 30 наурыз 18:08
Бөлісіңіз:
Қазақстанда автомобиль жолдарының 97 пайызы тасқын суды өткізуге дайын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жол қызметтері наурыз айының басынан бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күн сайын патрульдеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Осы ретте су басу қаупі бар 288 жол учаскесі, 52 көпір мен 717 су өткізу құбыры бақылауға алынды. Әсіресе, су басу қаупі төніп тұрған Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан сияқты 6 облыстың жолдарына ерекше көңіл бөлінген.

«Мәселен, Ақмола облысында автомобиль жолдарының 53 учаскесі, 114 құбыр, 18 көпір ерекше бақылауда. Бұдан бөлек, 688 құбырды ашу жұмыстары аяқталған. Мамандар «Вячеслав су қоймасына кіреберістің» (14 шақырым) және «Макинск-Ақсу-Торғай» (189 шақырым) жолының бойындағы 2 бөгетке күн сайын бақылау жүргізеді. Мұнда жолдар су астында қалуы мүмкін деген қауіп бар. 2400 құбырды ашу жұмыстары толықтай аяқталған. Қарағанды облысында жолдардың 39 учаскесі, 400 құбыр мен 16 көпір бақылауға алынды. Жол қызметтері 1300-ден астам су өткізу құбырын ашу жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, ұзындығы 871 шақырымды құрайтын республикалық маңызға ие «Қызылорда – Павлодар» жолынан 8 шақырым жерде орналасқан Шерубай-Нұра су қоймасының бөгеті жолшылардың күнделікті бақылауында. Мұнда 2019 жылы жолдың 164-167 шақырымын күрделі жөндеуден өткізудің нәтижесінде су тасқынының салдары жойылғанын айта кету керек» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жол қызметтері Қостанай облысындағы автомобиль жолдарының 31 учаскесін және 13 құбырды бақылауда. Мұнда 675 құбырды ашу жұмыстары толықтай аяқталған. Су тасқынын болдырмау мақсатында өткен жылы «Екатеринбург – Алматы» жолының 714-716 шақырымында көпір салынып, жолдың 3 учаскесінде қосымша су өткізу құбырлары орнатылған болатын.

Павлодар облысында автомобиль жолдарының 5 учаскесі және 5 құбыр бақылауға алынып, 462 су өткізу құбыры ашылды. Су тасқыны салдарын жою мақсатында жолшылар «Қалқаман – Баянауыл» жолының 100-105 шақырымы аралығындағы учаскесінде көпірдің құрылысына кірісіп кетті.

Солтүстік Қазақстан облысында жолдардың 37 учаскесі, 38 құбыр мен 2 көпір су астында қалуы мүмкін. Бүгінге дейін 582 құбыр ашылған.

Тұтастай алғанда, бүгінгі таңда республикалық маңызы бар жолдарда 8826 құбыр ашылды. Су басу қаупі төніп тұрған учаскелерде 797 техника жұмыс істемек. ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС қызметкерлері арасында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды. Бүгінге дейін су арналарының тасуы байқалған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT