Қазақстанда аумақтық даму жоспары әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанда аумақтық даму жоспары әзірленеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық даму жоспары, Аумақтық даму жоспары Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы секілді мемлекеттік аппараттың орталық әрі өңірлік деңгейлерде мақсаттар мен міндеттерін айқындайды. Сонымен бірге, Қазақстанның аумақтары мен өңірлерін дамыту айрықша маңызға ие болады», - деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, аумақтық даму жоспары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейіне бекітілді. Осы орайда оның Ұлттық даму жоспарымен нақты өзара байланысын қамтамасыз ету мақсаты ескерілді.

«Жалпы, Аумақтық даму жоспары өңілердің рөлі мен жауапкершілігін арттыру мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ Қазақстанның аумақтық кеңістік дамуын қамтиды. 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін аумақтық даму жоспарын әзірлеу ескеріліп отыр. Ол елдің әр өңірінің бәсекелестік басымдығы негізінде құрылады», - деді Келімбетов.


Соңғы жаңалықтар