+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

2020 жылғы 22 қаңтар 09:22
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 4 тасжолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар жабық Елімізде екі жолдағы учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылды Қазақстанда жеті автожол бөлігінде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка-Риддер) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалыс шектелген. Өскемен- Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Глубокое-Шемонаиха) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жолда жүруге тыйым салынды. Семей-Қайнар тасжолының 8-144 шақырымы аралығында (Семей-Саржал), Өскемен- Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымы аралығында (Шемонаиха- РФ шекарасы) жол жабылды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар тасжолдарда 773 техника жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолының 17 шақырымынан (Сазды ауылы) - 190
шақырымына дейін («Ақтөбе-Астрахан» тас жолы) барлық автокөлік түріне қозғалыс тоқтатылды.

Төтенше оқиғаға тап болған жүргізушілер 1403 нөміріне байланыса алады.

Еске салайық, синоптиктердің болжауынша бүгін Қазақстанда қар жауып, бірқатар өңірде боран және көктайғақ болады .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT