+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Қазақстанда асыл тұқымды мал өсіруге қатысты жаңа талаптар айқындалды

2020 жылғы 4 ақпан 16:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанда асыл тұқымды мал өсіруге қатысты жаңа талаптар айқындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжат жобасының мақсаты – асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне озық халықаралық тәжірибені енгізуді қамтамасыз ететін заманауи нормативтік базаны құру тұрғысында мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Заң жобасымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңдарына өзгертулер енгізілуде.

Ауыл шаруашылығы вице-мирнистрі Гүлмира Исаева заң жобасының негізгі тұстарына тоқталды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне сәйкес, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы қайталап бұзғаны үшін субъектілер қызметтерін тоқтататын еді. Ұсынып отырған заң жобасында талаптарды бұзу жағдайлары жойылғанға дейін субъектілердің қызметін тоқтата тұруға тәртібіне ауысу көзделген. Осылайша, жазалаудың тым қатал түрлерін белгілеу асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтер секторын дамытуға мүмкіндік бермейтіндіктен, жауапкершілік шараларын жеңілдетеміз», - деді вице-министр.

Ұғымдық ақпаратта «асыл тұқымдық құндылық», «асыл тұқымдық өнім», «ауыл шаруашылығы малдары», «асыл тұқымды мал» және «селекциялық әрі асыл тұқымдық жұмыстар» терминдері Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауыл шаруашылығы малдарына селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге сәйкес келтіріледі.

Жобаның 10-бабында Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы республикандық палаталармен, асыл тұқымды малды өсірумен айналысатын және асыл тұқымды өнімді пайдаланатын жеке әрі заңды тұлғалар, бонитерлер, ұрықтандырушы техниктер, эмбриондарды транспланттау жөніндегі мамандармен толықтырылды.

Белгілі болғандай, 13 бапта уәкілетті органның құзіреті келесі өкілеттіктермен толықтырылды:

- асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы

республикандық палатталардың қызметіне әдістемелік жетекшілікті жүзеге асыру;

- малға индекстік бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ипподромдарда асыл тұқымды жылқыларды сынау қағидаларын әзірлеу мен бекіту.

«Сонымен қатар, республикалық палатарлардың жауапкершілігін заңды деңгейде бекіту туралы жаңа бап қарастырылуда», - деді Г. Исаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT