Қазақстанда астық экспортының әлеуеті қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биылғы астықты Орта Азия елдеріне экспорттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 18 млн тонна астық дақылдарын жинау жоспарлануда, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті іске асыруға жеткілікті», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАқпараттың» сауалына орай берілген жауапта.

Бұл ретте ағымдағы жылдың экспорттық стратегиясы былтырғыдан өзгеше болмайды және дәстүрлі нарықтағы (Орта Азия елдері: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан), Ауғанстан және Иран) үстем позициялардың сақталуымен сипатталады.

«Сондай-ақ, қол жеткізілген келіссөздер аясында перспективалы бағытта Қытай еліне экспорт қарқынын қолдау қажет. 2020/2021 маркетингтік жылы астық пен ұнның экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тоннаны құрайды», - деп нақтылады ведомство мамандары.


Соңғы жаңалықтар