Қазақстанда әскерилердің 98 пайызы вакцина алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери қызметкерлер мен персоналдың 98 пайызы вакцина алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев орталық коммуникациялар қызметінде осындай мәлімет айтты.

«Бүгінде Қарулы Күштер жеке құрамының 89 пайыздан астамы вакцинаның екі компонентін де алды. Жалпы әскерилер мен азаматтық персонал өкілдерінің 98 пайызы екпе алған. Яғни, тек медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар ғана екпе алған жоқ. Шұғыл қызметтің әскерилері 100 пайыз вакцина қабылдады. Оның 93 пайызы екі компонентті де алып үлгерді», - деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ, ол жеке құрам арасында вакцинация белсенді ұйымдастырылғандықтан ұжымдық иммунитет қалыптасып, соның арқасында көптеген шектеулер күшін жойғанын айтты.

«Бұған дейін де айтқанымыздай, қатарымызда ұжымдық иммунитет қалыптасқан. Бұл көптеген шектеуді алып тастауға мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жоспарланған әскери дайындықтарды жүргізіп, шараларды толық көлемде атқару мүмкін болып отыр», - деді министрдің орынабсары.


Соңғы жаңалықтар