Қазақстанда әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы хабардар етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы уақтылы хабардар етуді қолға алынады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде 2020 жылға әскери қызметке шақыруды қорытындылау барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңейтілген кеңес ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен өтті.

Жиында әскерге шақыру науқаны кезінде әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар ету мәселесі толық шешілмегені айтылды. Осыған байланысты «электронды үкіметтің» деректер базасымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл әскерге шақырылушыларды белгілеуді жеңілдетеді және оларды SMS хабарлама арқылы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Министрліктің мәлімдеуінше, COVID-19 пандемиясы шақыру науқанының барысына айтарлықтай әсер еткеніне қарамастан, 2020 жылы 34 мыңға жуық азамат әскери қызметке шақырылған.

Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының ақпараты бойынша, медициналық куәландыру сапасы жақсарды. Мәселен, 2019 жылы әскери қызметке қатысты емес 22 сырқат түрі анықталған. Өткен жылы расталғаны екеу.

«Әскерге шақырылушылардың барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған, сондықтан алғашқы медициналық куәландырудан кейін одан әрі емдеу мақсатында оларға қажетті медициналық қызметтер әрдайым қолжетімді бола бермейді. Бұл үшін әскери-дәрігерлік комиссия (ӘДК) мамандарының Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар