+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2021 жылғы 19 қыркүйек 10:41
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы аптада бірқатар министрлікте және өңір әкімдіктерінде кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат оқырман назарына апта ішіндегі жаңа тағайындауларға шолу ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға жаңа әкімі тағайындалды Ақмола облысының Жақсы ауданына жаңа әкім келді Ақмола облысының Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Үкімет басшысының Өкімімен Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетсек, Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Е. Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған.

Сонымен қатар осы аптада Ерлан Тоқтарханұлы «Астана» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

***

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Каринова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Шолпан Таңатқызы 1972 жылы 1 қаңтарда Көкшетау облысында туған. 1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы — «педагогикалық білім» бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылдың тамызынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымында жұмыс істеді.

***

Ардақ Зебешев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ардақ Темірханұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы М.Әуезовтің атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, ал 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2014 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша King's College London «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Warwick Business School «бизнес-әкімшілендіру» бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2003 жылы Шымкент қаласы әкімінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдастыру-кадрлық және талдау жұмысы басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған.

2020 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР СІМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болды.

***

Осы аптада Ілияс Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ілияс Есетұлы Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Астана су арнасы» МҚК инженері болып бастады.

2012-2014 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2014-2016 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

***

Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Дидар Кеңесбаев тағайындалды.

Дидар Мұхтарбекұлы 1984 жылы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген.

2001-2006 жылдары Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да инженер мамандығы бойынша білім алды.

2006 жылдан бастап құрылыс саласында түрлі қызмет атқарды.

2015 жылы мемлекеттік қызметке кірген. ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы болды.

***

Солтүстік Қазақстан облысының екі басқармасына жаңа басшылар тағайындалды.

СҚО жер инспекциясын аенді Бақытжан Бекіш жетекшілік етпек. Бақытжан Серікұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары, 2005 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «юриспруденция бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимское ауылының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы болып бастап, сол ауданда бірқатар лауазымды қызметтерді атқарды.

2016-2021 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы» КММ басшысының орынбасары-мемлекеттік инспекторы болып еңбек етті.

СҚО экономика басқармасына Қуанышбек Қалижанов тағайындалды. Қуанышбек Серікұлы 1981 жылы СҚО Ақжар ауданы Талшық ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Көкшетау есеп-сауда колледжiн және 2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 2004 жылы СҚО статистика басқармасының Ақжар ауданы Талшық ауылдық округiнiң маманы болып бастады.

2015 жылдан 2021 жылға дейiн СҚО статистика департаментi басшысының орынбасары болды.

***

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Алматы облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды.

Ләззат Шыңғысбаева 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстан-Ресей университетін бітірген.

2000 жылдан 2007 жылға дейін түрлі бизнес-құрылымдарда жұмыс істеді. 2007-2013 жылдары «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры, заң департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры, «G4» ЖШС «Алматы қаласының серіктес қалалары» жобасының бас менеджері болды.

***

«31-арнаның» бас директоры лауазымына Құрманбек Жұмағали тағайындалды.

Бұған дейін Ж. Құрманбек «Астана» телеарнасының бас директоры болып істеген.

Жұмағали Құрманбек 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келді.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірді.

Қ. Жұмағали кәсіби мансабын «Қазақстан РТРК» АҚ телеарнасында редактор ретінде бастады, «Хабар агенттігі» АҚ-да редактор-жүргізуші, корреспондент болды.

***

Осы аптаның басында «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей АSTANA телеарнасының ұжымына жаңа бас директорды таныстырды.

Жаңа басшы - бұрын «NUR Media» холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарған Әзизхан Әбілдинов.

Ол 2017 жылдан бастап «Nur Media» холдингінде БАҚ мәселелерімен айналысқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT