+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2020 жылғы 20 қыркүйек 13:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылған болатын. Таяуда осы ведомстволардың ең алғашқы басшылары тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы: Гүлнар Көкебаева Жетісу ауданы әкімі болып тағайындалды Телефон қолдану, ішімдік ішу және заңсыз жабдықтау –  ІІМ елдегі автобус қозғалысын тексерді Ақтөбеде адамдар орталық стадион мен арбатта маскасыз серуендеп жүр

Мұнан бөлек, Сэр Сумма Чакрабарти (Sir Suma Chakrabarti) Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болғаны да белгілі. ҚазАқпарат апта ішінде осы және өзге де кадрлық ауыс-түйіске шолу ұсынады.

Сонымен осы уақытқа дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болған Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне келді.

Қайрат Келімбетов 1969 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Джорджтаун университетінің (АҚШ, Вашингтон) арнаулы бағдарламасын бітірген. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің департамент директорының орынбасары, директоры. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің департамент директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2006-2008 жылдары - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2008 жылы қаңтардың 23-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2008 жылғы қазанның 13-інен - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2011 жылғы сәуірден - ҚР Экономика және сауда министрі. 2012 жылғы 20 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2013 жылдың қазанынан ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарды. 2015 жылғы желтоқсан айынан «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып қызмет етіп келеді. «Құрмет» орденімен (2005), «Парасат» медалімен (2010) марапатталған.

Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы болып Серік Жұманғарин тағайындалды.

Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған. Ал 2019 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып тағайындалған еді.

Ернұр Рысмағамбетов «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ернұр Бүркітбайұлы Рысмағамбетов 1986 жылы 28 сәуірде Жезқазған қаласында дүниеге келген. Калифорния технология университеті мен Лондон университеттік колледжінің түлегі, қаржы аналитигі маманы (CFA Charterholder). 2017-2019 аралығында АХҚО Үздіксіз кәсіптік даму бюросы (AIFC BCPD) директоры болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Бұрындары JP Morgan Chase инвестициялық банкі мен Wilshire Associates, Inc инвестициялық компаниясының аналитикалық бөлімдерінде еңбек етті.

ҚР Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сумма Чакрабарти 1959 жылы Жалпайгуриде (Үндістан, Батыс Бенгалия штатында) дүниеге келген. Ол Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті болған. 2016 жылғы 11 мамырда екінші мерзімге қайта сайланды. Лауазымын 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін атқарды. Марапаттардың қатарында «Ұлттың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» (ең жоғары - рыцарьлық дәрежеге ие) ел азаматтарына берілетін Британ империясының ордені бар. Чакрабарти - Сассекс және Шығыс Англия университеттерінің және Бухарест экономикалық зерттеулер академиясының құрметті докторы.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері лауазымына тағайындалды.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР Әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы. 1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.

Асылбек Айжарықұлы Смағұлов 1970 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 2000-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының академиясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті, бастығы, академия бастығының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, академия бастығының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 - 2016 жылдары «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ директоры қызметінде болған. 2016 жылғы 24 наурыз айынан бастап «Нұр Отан» партиясынан VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) және Әділет министрлігінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшiн», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «МПА СНГ. 25 лет», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған. Өзге де наградалары бар. Бірқатар басылымдарда жарияланған 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқулықтың (бірлескен авторлықтағы), 10-нан астам оқу құралдары мен монографиялардың авторы.

Виктор Ионенко Қостанай облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Виктор Николаевич Ионенко - Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритовка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. Виктор Ионенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сергей Карплюктің лауазымына тағайындалады.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ғалиасқар Төлендіұлы Төлендіұлы 1963 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы бойынша механик, заңгер. Еңбек жолын Павлодар зауытында инженер-конструктор болып бастаған. Әр жылдары Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Гвардия және Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры, Кербұлақ аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы, Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бөлім меңгеруші, «Отан» қоғамдық ұйымының орталық кеңесі төрағасының орынбасары, Алматы облысының қоғамдық келісім және ақпарат басқармасының бөлім бастығы, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2020 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болды.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі қызметіне Тамара Рахымжанова тағайындалды.

Тамара Рахымжанова 1978 жылы 23 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2001-2004 жылдары «ВНИИцветмет» кәсіпорнында өндіріс орындарын тазалаушы болып бастады. 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушановское ауылындағы орта мектепте есепші болып жұмыс істеді. 2007 жылы «Өскемен-тәртіп» ЖШС-да бөлім маманы, 2007-2013 жылдары бөлім басшысы лауазымын атқарды. 2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың қарашасына дейін аталған ЖШС-да директор болып еңбек етті. 2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына Айдын Хадиев, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Фарида Оразова тағайындалды.

Айдын Хадиев Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер-технолог мамандығы және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда жөніндегі бас маманының міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. Содан кейін, облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда жөніндегі бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіпті келешекті дамыту жөніндегі бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының халықаралық сапа стандарты бөлімінің бастығы, «Каспий» ӘКК»» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің жетекші менеджері, Маңғыстау облысы әкімі аппараты ұйымдық-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы, облыс әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімнің бас инспекторы, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметтерін атқарған.

Фарида Орысбайқызы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын «Қаражанбасмұнай» АҚ тауар маманы қызметінен бастаған. Маңғыстау облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мүлікті басқару бөлімінің бас маманы, облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бақылау бөлімінің бас маманы, Ақтау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының консультанты, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдық-бақылау бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Елордада ашылған Мемлекеттік музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрына директор болып Асхат Маемиров тағайындалды.

Асхат Максимұлы - елімізге танымал театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану PhD докторы, профессор, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театр режиссері» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. 2008 жылы «Болашақ» халықаралық стиипендиясымен Сорбонна университетінде және Париж ұлттық өнер консерваториясында білімін жетілдірді. 2010 жылы Ресей театр өнері академиясының (ГИТИС) магистратурасын тәмамдады. 2016 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ғылыми кеңесінде «Қазақстанның театр режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, өнертану бойынша «Философия докторы» ғылыми дәрежесіне ие болды. Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында қоюшы-режиссер болып бастады. Әр жылдары «Қазақстанның рухани даму қоры» АҚ вице-президенті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы «Қазақ әуендері» АҚ президенті болып қызмет етті. Елімізде тұңғыш рет ашылған «Astana Musical» мемлекеттік театрына көркемдік жетекшілік жасады. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының бас директоры, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметтерін атқарды. А.Маемиров 2018-2019 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болды. Осы уақытқа дейін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры болып еңбек етті. Асхат Маемиров мемлекеттік және халықаралық ауқымдағы сексеннен астам мәдени іс-шаралардың режиссері болды. Қазақстанның театр сахналарында жиырмадан астам қойылымдарды сахналап, республикалық және халықаралық өнер фестивалдерінің бірнеше мәрте лауреаты атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT