Қазақстанда алғашқы корпоративтік әлеуметтік келісім жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда алғашқы корпоративтік әлеуметтік келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Кәсіподақ федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіподақтар Үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен « Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В « (ҚПО) Консорциумыарасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы корпоративтік-әлеуметтік келісім бекітілді.

Құжатқа ҚРКФ төрағасының міндетін атқарушы Сатыбалды Дәулеталин мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» консорциумының бас директорыЭдвин Блом қол қойды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшысы атап өткендей, бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш корпоративтік-әлеуметтік келісім. Құжат ірі компания мен республикалық кәсіподақ бірлестігі арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамытудағы негіз құжат болмақ.

«Біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті жұмысшылардың еңбек құқығын қорғаудың тағы бір құралы деп есептейміз. Бүгін қол қойылған келісім еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытуда айырықша маңызға ие және біз бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруға деген талпыныстарын әрқашан қолдаймыз. Бұл келісім әлеуметтік-еңбек саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуда, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарды дамытуда жаңа мүмкіндік болмақ», - деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Сонымен қатар, ол осы келісімге қол қоюға бастамашы болған ҚРКФ бұрынғы төрағасы Ералы Тоғжановқа ерекше ризашылығын білдірді.

Сатыбалды Дәулеталин сонымен қатар, Эдвин Бломға Кәсіподақтар Федерациясының бастамасына қолдау білдіргені үшін және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік идеологиясын дамытуға қосып жатқан үлесі үшін алғысын жеткізіп, ҚПО- мен бекітілген ұжымдық келісімнің тиімділігін атап өтті.

«Онда еңбекақыны индексациялау, денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз кезінде төленетін ақыны көбейтілген көлемде беру, көпбалалы отбасыларына материалдық көмек көрсету, шипажайда сауықтыруды төлеу, жұмыс берушінің қабылдайтын жергілікті актілерін кәсіподақ ұйымдарымен қабылдау және өзге де мәселелерді келісіп шешу қарастырылған. Осындай әлеуметтік әріптестер көп болса екен. Бұл келісім басқа да ірі жұмыс берушілерді ҚРКФ бастамасын қолдауға және жаңа корпоративтік әлеуметтік келісімдерге қол қоюға және өз жұмысшылары үшін бұрынғыдан да лайықты жағдай жасауға ынталандырады»,-деді Сатыбалды Дәулеталин.

ҚПО Бас директоры Эдвин Блом өз кезегінде ҚР Кәсіподақтар федерациясына ризашылығын білдірді.

«Біздің ҚПО копоративтік келісім жасауда алғашқы компания ретінде таңдалып алынуы мен үшін үлкен мәртебе. Біздің компания ұзақ жылдар бойы ҚПО-ның 4 мың жұмысшысы мен компанияның мердігерлік ұйымдарындағы 15 мың жұмысшының мүдделерін қорғайтын үш кәсіподақ ұйымымен бірге жұмыс істеп келеді. ҚПО мен аталған кәсіподақ ұйымдары арасында бекітілген ұжымдық шарт биыл Қазақстан бойынша ең үздік шарттардың бірі деп танылғаны кездейсоқ емес», -деді Эдвин Блом.


Соңғы жаңалықтар