Қазақстанда алғаш рет көмірсутек шикізаты бойынша электронды аукцион өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электронды аукцион өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион электронды аукциондар операторының сайтында өткізіледі.

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион 2020 жылғы 23 желтоқсанында болады. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Аукцион арқылы 10 учаскені сату жоспарлануда», - деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аукционға өтінімді 29 қарашаны қоса алған мерзімге дейін электрондық аукциондар операторының сайтында аукционға қойылған учаскелер бойынша беруге болады.


Соңғы жаңалықтар