Қазақстанда агроөнеркәсіп өнімінің көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені барлық бағамдар бойынша жоғары өсім көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 11 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5,3%-ға артып, 5,9 трлн теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 4,7%, яғни 454,2 млрд теңгеге дейін, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына құйылған инвестиция 18,6% ( 86,5 млрд теңгеге дейін) өсті.

«Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 871,5 млн АҚШ долларынан 1 млрд АҚШ долларына дейін артқан» деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар