Қазақстанда 97 халықаралық, 45 ішкі бағыттағы әуе рейстері тоқтап тұр - ИИДМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев әуежайлардың карантиндегі жұмыс тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік комиссияның шешімімен қазіргі уақытта 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс және ішкі рейстерде 45 бағыт бойынша аптасына 540 тұрақты рейс тоқтатылды.

«Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайлары 1-13 сәуірге дейін жұмысын тоқтатқан еді. Содан кейін ұшуға рұқсат беріле ме деген сұрақтар келіп жатыр. Ол жағдайға байланысты болады. Біз бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешімін күтеміз. Біздің министрлік сол тараптан бұйрық алған соң әуежайды ашуға дайын», - деді Қ. Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жүк тасымалдайтын әуе көліктеріне еш шектеу қойылған жоқ.


Соңғы жаңалықтар