Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери парад болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты Қазақстанда 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Отан қорғаушы және Жеңіс күндеріне арналған әскери шеру коронавирус бойынша эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты өпейтін болды.

Сонымен қатар ведомствода іс-шараларға байланысты нақты жоспар бекітілмегенін айтты.

Еске сала кетсек, пандемияға байланысты әскери шеру өткен жылы да өтпеген.


Соңғы жаңалықтар