Қазақстанда 50-інші адам коронавирустан жазылып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавирус індетінен 50-інші адам жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 науқас сауығып, ауруханадан шықты.

Бүгін сағат 14.00-ге дейін елімізде жалпы 50 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 27, Алматы қаласында – 21, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1 пациент», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар