12:25, 04 Сәуір 2020 | GMT +6
Қазақстанда 42 500 теңгені алуға 351 мыңнан астам адам өтінім берген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 351 мыңнан астам адам 42 500 теңге алуға өтінім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат МЕмлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап.
Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша қазақстандықтардан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға 351 777 өтініш қабылданды.
Оның ішінде:
eGov порталы арқылы – 292 281;
42500.enbek.kz сайты арқылы – 59 496.