Қазақстанда 416 шақырым теміржол төсеміне күрделі жөндеу жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде 400 шақырымнан астам теміржол төсемі күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл 416 шақырым магистраль күрделі жөндеумен қамтылады. Тиісті жұмыстар 6 сәуірде «Достық-Ақтоғай аралығындағы учаскеде басталды. Жоспардағы 23,8 шақырымның 3,5 шақырымы жөндеуден өтті», - делінген таратылған мәліметте.

13 сәуірден бастап «Қандыағаш –Сағыз» учаскесінде де жөндеу шаралары іске асырылуда. Әрбір нысанда 80 жұмысшы мен 30 механизатор жұмылдырылған. Сонымен қатар, жөндеу пойыздары, крандар және өзге де арнайы техника тартылды.

«Осы бағыттағы жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде. Атап айтқанда, коронавирус инфекциясымен күрес аясында қабылданған барлық қауіпсіздік шаралары ескерілген», - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» мәліметінді.


Соңғы жаңалықтар