Қазақстанда 413,4 мың көпбалалы отбасы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен 2020 жылы қосымша қолдау мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері екі рет индекстелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебінен мәлім болды.

Министрліктің деректеріне қарағанда, 2020 жылы базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 10% – ды, ынтымақты зейнетақының өсімі 12% - ды құрады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы және табысы аз отбасыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілді. Бүгінгі таңда 413,4 мың көпбалалы отбасы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алады, оның мөлшері отбасының табысына емес, балалардың санына байланысты болып келеді.

Табысы аз отбасылардың балалары үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізілді. Әлеуметтік көмектің бұл түріне 430 мың балаға алғаш рет 17,5 млрд. теңге қарастырылды.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2019 жылға қарағанда орта есеппен 50% - ға артты.


Соңғы жаңалықтар