Қазақстанда 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 тамыз 19 сағат 06 минут 33 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 237 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 8.7. MPV магнитудасы 4.2. Тереңдігі 25 км», - делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.



Соңғы жаңалықтар