Қазақстанда 3700 білім ұясында балалар мектепке барып оқып жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандық мектептер қалай оқытып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 7 мыңға жуық мектеп бар, оның 3700-ден астамы карантин жағдайында дәстүрлі форматта жұмыс істеп, барлық сынып оқушысын мектеп қабырғасында оқытып жатыр.

Қалған мектептерде санитарлық дәрігерлердің талабы бойынша оқыту аралас форматта жүргізіледі: ата-аналардың өтініші бойынша мектепалды, бастауыш және 5-сынып оқушылары кезекші сыныпта оқи алады.

Бірақ әр өңір бойынша нақты шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдап, рұқсат береді.

Егер бала кезекші сыныпта оқитын болса, онда барлық тапсырма бұрынғыдай қалыпты форматта беріледі. Яғни, бала сыныпта оқиды, ал үй тапсырмасын үйде оқулық бойынша орындайды.

Қосымша ресурс ретінде қолжетімді білім платформаларындағы контентті қалай пайдалану керектігін әр мұғалім өзі таңдайды. Дегенмен үй тапсырмасының көлемі бекітілген нормадан тым көп болмауы қажет.

Білім министрлігі белгілі бір платформаны пайдалану бойынша талап қоймайды. Білім платформасын мектеп әкімшілігі өзі таңдайды.


Соңғы жаңалықтар