Қазақстанда 3,8 млн астам жеңіл көлік тіркелген – статистика

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 288 055 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,4% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3828,5 мыңды құрайды.

Сондай-ақ ведомстводан мәлім еткендей, жылдың алғашқы төрт айында ел өңірлерінде 3677 жол-көлік оқиғасы болып, 5431 адам зардап шеккен. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,3% азайды.

«2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 12,2 млрд теңге сомасында 27788 сақтандыру төлемін жүзеге асырды», - делінген Ұлттық статистика бюросының ақпаратында.

Айта кетейік, 15 маусым күні өткен Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда бүгінгі күні 3,9 млн көлік тіркелгенін және олардың 64 пайызының пайдалану мерзімі 10 жылдан асқанын мәлім еткен болатын.



Соңғы жаңалықтар