09:06, 20 Қаңтар 2021 | GMT +6
Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –20 қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 25 038 адам короновирус инфекциясынан (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы деректерге қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық жағдайды ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 307 адамның жағдайы ауыр;
• 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 34 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.